Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Күз сыйлары» балалар шығармашылығы конкурсының қорытындылары

Күз – ең әсем, сырға толы уақыт. Ол әдемі де әрі көркем, ашық және қанық түстер көз сүйсіндіреді. Соған қарап, ұлы классиктердің өз туындыларын жылдың осы тамаша уақытына не үшін арнағанын түсінесіз.
2020 жылғы 26 қазанда Қазақ ұлттық хореография академиясында дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін «Күз сыйлары» атты балалар шығармашылығының конкурсы өтті. Шығармашылық жарысқа 1-4 сынып оқушылары қатысты.
Конкурс Академия тәрбиеленушілерінің шығармашылық қызығушылықтарының жан-жақтылығын тағы бір рет көрсетті. Олар өздерінің аңғарымпаздығын, көркемдік қабілеттері мен қоршаған табиғаттың сұлулығына тамсана білетіндігін керемет қолөнермен көрсетті, бұл үшін олар алуан түрлі материалдарды: жапырақтарды, гүлдерді, жидектерді, ағаш бүршіктерін, тіпті көкөністерді пайдаланды. Көптеген конкурстық жұмыстарды жасауға балалармен бірге олардың ата-аналары да қатысқаны көңіл қуантады.
Конкурс соңында қазылар алқасы барлық шығармашылық жұмыстарды жүлделі орындармен ғана емес, сондай-ақ қызықты техникалық шешімдері, көркемдік мәнерлілігі, ойдың бірегейлігі және жоғары шығармашылық шеберлігі үшін 18 түрлі номинациямен атап өту туралы әділ шешім шығарды.

Конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаз атанып, 1-орынды иеленді:
– Нұрсейіт Нұржамал Асқатұлы, 1 «Б» сыныбының оқушысы;
– Калдыбаева Томирис Асхатовна, 4 «Б» сыныбының оқушысы.

2-орын:
– Әміржан Жания Бақыткелдықызы, 2 «А» сыныбының оқушысы;
– Александрова Томирис Станиславовна, 2 «Б» сыныбының оқушысы.

3-орын:
– Боцман Алиса Викторовна, 1 «Б» сыныбының оқушысы;
– Боцман Василиса Викторовна, 1 «Б» сыныбының оқушысы;
– Бороншы Джохангир Асанұлы, 1 «А» сыныбының оқушысы.

Конкурстың барлық жеңімпаздары, номинанттары мен қатысушылары тиісті дипломдармен марапатталды.
Жарқын шығармашылық жұмыстарымен конкурсқа қатысып, жақсы көңіл-күй сыйлағандары үшін балаларға алғыс білдіреміз!

Диплом

Яндекс.Метрика