Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Алғашқы қоңырау» мерекесі

Қазақ Ұлттық хореография Академиясы биыл өз қатарына жаңа студенттермен қатар  33 оқушыны 1 сыныпқа қабылдады. Виртуалды форматта ұйымдастырылған «Алғашқы қоңырау» кешінде Академия табалдырығын алғаш аттаған барша бірінші класс оқушылары Ұлы ақын Абайдың «Ғылым таппай мақтаңба», «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдерінен үзінді оқыды.

Білім күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова барша Академия ұстаздары мен оқушыларын, студенттер мен ата-аналарды мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер тіледі.

Виртуалды алғашқы қоңырау рәсімін соғу мәртебесі Академия табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1 класс оқушылары, бүлдіршіндеріміз Нұрсейіт Нуржамал және Темірқұл Айданаға бұйырды.

Онлайн көрсетілім Академияның ресми Youtube видеопорталында көрсетілді. Барлық көрермен, ата-аналар мен оқушылар қашықтықтан мерекелік кешті тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Яндекс.Метрика