Қабылдау комиссияларының байланыстары

Валентина Евсееваның шығармашылығы арқылы Қазақстандағы бал биінің қалыптасуы тарихын зерделеуге арналған онлайн-дәріс

Қаңтардың 30-ы күні сағ. 12:00-де Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография факультеті мұғалімдер мен студенттерді спорттық бал билері пәнінен жылдар бойы сабақ берген көрнекті педагог, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының құрметті профессоры Валентина Васильевна  Евсееваға арналған онлайн дәріске шақырады.

Іс-шараны Қазақ ұлттық хореография академиясы хореография факультетінің  аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, Қазақстан хореографтар одағының мүшесі, ҚР СБФҚ төрешісі Евгений Сергеевич Моисеев жүргізеді.

Дәріс ZOOM платформасында өтеді; конференция идентификаторы 481 473 0615, пароль: 654321.

Яндекс.Метрика