Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қысқаметражды фильмді көру және талқылау

Құрметті студенттер, магистранттар мен оқытушылар!

Сіздерді режиссер Йохен Фрейданктің «Ойыншықтар әлемі» атты көркем қысқаметражды фильмін көруге және талқылауға шақырамыз. 2009 жылы фильм «Үздік қысқаметражды ойын фильмі» номинациясы бойынша «Оскар» кинопремиясымен марапатталды.

Фильмнің әрекеті 1942 жылы Германияның шағын қаласында өтеді. Кішкентай Генрихтің досы – Давид Зильберштейн – отбасымен бірге концлагерьге жіберіледі. Балалардың нәзік психикасын Холокост қорқынышынан қорғау үшін неміс анасы Генрихке Давидтің ертегідегі «ойыншықтар әлеміне» баратынын айтады. Бірақ бала бұл қызқты оқиғаны жіберіп алмайын деп еврей-көршілерінің артынан сиқырлы патшалықты іздеуге ереді.

Фильмге сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Dd4Cgr2fe_0

Фильмнің ұзақтығы: 14 минут

Фильмді көру күні мен орны: Science café (462 аудитория), 23.12.2022, 16.00

Яндекс.Метрика