Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жаңа жылдық мерекелік концерт

Желтоқсан айының 30 күні сағат 10:00-де Қазақ ұлттық хореография академиясы Жаңа жыл қарсаңында онлайн мерекелік іс-шара өткізеді. Концерт Академияның @balletacademy YouTube-каналында көрсетіледі.

Санаулы уақыттан кейін еліміз жаңа 2021-жылға қадам басқалы отыр. “Ескі ай есірке, жаңа ай жарылқа” деп дұға тілейтін дана халқымыздың ырымына сай, адамзат баласы үшін қиын түссе де, 2020-жылдың өз жетістіктері мен жақсылығы болды. Өткен жылға өкпе қалдырмай, келер жылдың қуанышқа толы болуын тілейік.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды 30 деген ордабұзар жасты еңсеретін “Тәуелсіздік жылы” деп атады. Жаңа жыл бәріміз үшін жақсылық пен игіліктің жылы болсын. Тілеген армандарыңыз бен алдыңызға қойған мақсаттарыңыз орындалсын!

Отбасыңызға амандық, зор денсаулық, сәтті бастаулар мен шуақты шақтар тілейміз! Жаңа жыл құтты болсын!

Яндекс.Метрика