Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жапониядағы шеберлік сыныптары

2023 жылғы 3-6 тамыз аралығында Академияның кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кокшинова Светлана Юрьевна «Sofia Ballet Academy» балет академиясының білім алушыларына арналған классикалық би бойынша шеберлік сабақтарын өткізді (Токио, Жапония).

Сабақтар 3 деңгей бойынша – бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларымен өткізілді.

Жапонияда жазғы шеберлік сабақтарын өткізу екі елдің кәсіптік мектептерін жақындастыруға және классикалық хореографияны дамытуға ықпал ететін Академияның жақсы дәстүріне айналуда.

 

Яндекс.Метрика