Қабылдау комиссияларының байланыстары

Үндістанның Тәуелсіздік күні

Бүгін, 15 тамызда Үндістан халқы маңызды ұлттық мереке – елдің Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Бұл күн әртүрлі елдердің Үндістандағы өкілдіктерінде ерекше құрметпен атап өтіледі.

Үндістан тарапымен достық серіктестік қарым-қатынасты жоғары бағалай отырып, Академия басшылығы Астана қаласындағы Үндістан елшілігінің жанындағы Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықта Үндістанның Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай өткізілген іс-шараға қатысты.

Іс-шара туды көтеру рәсімінен және Свами Вивекананда мәдени орталығының директоры құттықтау сөзінен басталды, содан кейін көрермендер назарына «Vande Bharat» мәдени бағдарламасы ұсынылды.

Алдағы оқу жылына арналған бірлескен жобаларды талқылау барысында Академияның ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі директоры Ж.Ж. Толысбаева және Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықтың директоры Санджай Веди екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығы мен құндылығын атап өтті және ынтымақтастықтың жаңа нысандары талқыланды.

Яндекс.Метрика