Қабылдау комиссияларының байланыстары

Алтын Ордадағы урбандалу мен номадизмнің түйісуі және оның тарихи-мәдени мәні

Жошы ұлысының тарихы Отан тарихында аса маңызды орын алады. Ұлы Жібек жолының сауда бағытындағы қалалар Қазақ хандығының тарихында және оның қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Отандық тарихттағы ақтаңдақтардың бірі Батыс Қазақстан жеріндегі қалалар, соның ішінде бүгінгі таңда қазіргі Атырау қаласының шегінде орналасқан Ақтөбе қалашығы үлкен жұмбақ болып отыр. Оны зерттеу Жошы Ұлысының қоғамдық дамуын зерттеудегі маңызды меже болып отыр.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2023 жылғы 28 қыркүйекте «Алтын Ордадағы урбандалу мен номадизмнің түйісуі және оның тарихи-мәдени мәні» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Бұл шара «Алтын Ордалық Ақтөбе Лаэти қалашығын реконструкциялау: деректану және тарихнамалық аспектілер» ГҚ ғылыми жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізіледі.

Конференция жұмысы келесі бағыттарды қамтиды:

  • Жошы ұлысының тарихнамасы мен дереккөздері;
  • Алтын Орда кезеңіндегі тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі;
  • Еуразия түркі халықтарының тарихындағы Ұлы Жібек жолының рөлі;
  • Жошы ұлысының қоғамдық дамуы;
  • Қала мен қала мәдениеті және олардың көшпелі әлеммен байланысы;
  • Жошы Ұлысының тарихы туралы археологиялық жаңалықтар;

Ақпараттық хат. Актобе Лаэти 28.09.2023

Яндекс.Метрика