Қабылдау комиссияларының байланыстары

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы аясында «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ  2021 жылдың сәуір айының 23- күні Халықаралық экология және тіршілік қауіпсіздігі академиясының (МАНЭБ) және Ресей жаратылыстану академиясының академигі, Халықаралық ISESKO (ИСЕСКО) сыйлығының лауреаты, профессор, биология ғылымдарының докторы Сағындықова София Зұлхарнайқызының 65-жылдық мерей жасына арналған  «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР» атты Халықаралық ғылыми- практикалық – конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты: ғылымда, білім беруде және өндірісте енгізілген  жаңа технологияларды қолданудың ғылыми және тәжірибелік зерттеулерінің  нәтижесі туралы ғылыми ақпараттармен алмасу; білім беру, ғылыми және ғылыми мекемелердің бірлескен зерттеу бағыттарын талқылау, серіктестікті нығайту; ғылыми ізденіске деген жастардың қызығушылығын арттыру.   

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын  тілдері.

Конференцияның өтетін орны: Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 1 ғимарат,«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ;

Информационное письмо

Яндекс.Метрика