Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жыр алыбы – Жамбыл

Бүгін Арт-менеджмент, Спорттық бал биінің педагогикасы, Хореография өнерінің педагогикасы, Хореография білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы 1 курс студенттерінің қатысуымен «Жыр алыбы – Жамбыл» тақырыбында ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған танымдық бағыттағы ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты – қазақ халық поэзиясының алыбы, асқақ үнді ақын, жырау, суырып салма айтыскер Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша зерттеу жүргізу, ақынның жалынды жырларының тәрбиелік мәнін насихаттау, отаншылдығын жастарға үлгі ету. Өзіндік жұмыс тапсырмасы ретінде берілген тақырыптар бойынша зерттеу жүргізген білім алушылар өз зерттеулерінің қорытындысын презентациялап, ақынның жырларын мәнерлеп оқып, айтыстарынан үзінді келтіріп, ұлы тұлғаның ұлы ісін ұлықтады. Аталған шара «Қазақ тілі» пәнінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты А.Ауелбекованың жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Яндекс.Метрика