«Үш тұғырлы тіл – ұлт болашағы» іс-шарасы
Қазақстан халықтары тілдерінің көпұлтты мерекесі әрбір тіл – бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлемдік өркениетке қосылған баға жетпес үлес деген идеяға негізделген.
2023 жылдың 22 қыркүйегінде кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің гуманитарлық цикл мұғалімдері «Үш тұғырлы тіл – ұлт болашағы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараға қазақ және орыс тілдерінде оқитын 5-9 сынып және 1-2 курс студенттері қатысты. Концерттік бағдарламада «Полиглот» викторинасы, әлемге әйгілі ақындардың өлеңдері әлемнің әртүрлі тілдерінде оқылды, сюжеттер қойылып, патриоттық әндер орындалды. Бағдарламаның аудиториясы іс-шараға белсенді қатысқан мұғалімдер мен студенттер болды.
Аталған іс-шараның мақсаттары:
- көптілді білім беруді жүзеге асыру;
- халықтардың мәдени мұрасын зерделеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу;
- өз халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу;
- ұлттық бірлік пен патриотизмді нығайту.