Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия кітапханасында Story Time интерактивті сабағы өтті

15 наурызда Балалар кітапханасында 1А сыныбы оқушыларымен Story Time интерактивті оқу сабағы өтті.

Балаларға қазақ халық ертегілерінің бірі – «Қызыл сиыр» оқылды. Оқу барысында балаларға сұрақтар қойылып, кітапхана қызметкері Фариза Бекайдарова оқушыларға ертегінің идеялық мазмұнын түсіндірді.

«Қазақ халқының өскелең ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі – ертегі, сол себепті біз балаларға әрқашан жақсылық жеңіп шығады, жаман ойлы адамның іс-әрекетінен қашан да ақыл-парасаттылық басым түседі деген идеяны жеткізіп беретін ертегіні таңдап алдық», – деді Фариза Бекайдарова.

Яндекс.Метрика