Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Жайлау күні»

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақ ұлттық хореография академиясында «Құстарға арналған үй» экологиялық акциясы өтті. Осы акция аясында колледж студенттері, Академия қызметкерлері, сондай-ақ төменгі сынып оқушылары ата-аналарымен бірге құстарға арналған ұялар жасап, өз аулаларында және қалалық скверлер мен саябақтарда ағаштарға іліп қойды.

Флористика оқушының адамгершілік-эстетикалық тәрбиесіндегі, эстетикалық бағдарларды қалыптастырудағы, қоршаған әлемді білудегі, сондай-ақ сәндік өсімдіктерге дұрыс күтім жасау негіздерін игерудегі маңызды бағыт болып табылады. 2022 жылдың 15 наурызында колледждің жоғары сынып оқушылары мен «Балет әртісі» біліктілігінің 1 курс студенттері тәрбиешілермен және педагогтармен бірлесіп биология сабағында орхидеяларды қайта отырғызды, болашақта Академия сыныптарын көркейтетін декоративтік бөлме өсімдіктерін, сондай-ақ қызылжидек тұқымын отырғызды.

Сол күні кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің мұғалімдері орта және жоғары сынып оқушылары үшін «Жыл басына таласқан хайуандар» ашық сынып сағатын өткізді.

Яндекс.Метрика