Қабылдау комиссияларының байланыстары

Шежіре күні

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақ ұлттық хореография академиясында кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің бастауыш сынып мұғалімдері өз тәрбиеленушілерімен бірге ашық сынып сағаттарын, сондай-ақ «Шежіре күні» концертін өткізді. Іс-шараға қатысушылар көрермендерге тамаша музыкалық нөмірлер дайындап, қазақтың ежелгі «Тұсау кесу» ұлттық салт-дәстүрін көрсетті.   

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі директор А.Т. Алишева барлық қатысушыларды құттықтап, ұлттық мәдениетте өмірдің жаңаруы мен табиғаттың ояну сәтін, сондай-ақ халықтар арасындағы достықтың нығаюын білдіретін Наурыз мерекесінің маңыздылығын атап өтті.

Академияның барлық тәрбиеленушілері мен қызметкерлерін осы көктем мерекесімен құттықтаймыз. Бақыт, бейбітшілік және амандық тілейміз!    

Яндекс.Метрика