Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда 1 курс студенттеріне арналған бағдарлау апталығы басталды

Қазақ ұлттық хореография академиясында бакалавриаттың 1 курс студенттері үшін бағдарлау апталығы басталды.

1 қыркүйек күні осы апта аясында студенттер үшін ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және аккредиттеу бөлімінің, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкерлерімен кездесулер өткізілді.

Кездесу барысында студенттер академияда ұсынылатын мүмкіндіктермен танысты.

Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімі академияның академиялық ұтқырлығы мен PR-бағыттағы қызметі туралы тұсаукесер өткізді.

Бірінші курс студенттерімен кездесуге Италияның ұлттық би академиясында халықаралық бағдарлама бойынша оқыған академия студенті Инкар Айдарханқызы шақырылып, шетелдегі оқу тәжірибесімен бөлісті.

Яндекс.Метрика