Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия студенттері Токиодағы София балет академиясының мерейтойлық концертінде өнер көрсетті

Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушылары Sophia Ballet Academy 20 жылдығына арналған концертке қатысты. Концерт Токиода, Тамашин Рисуру залында өтті.

Академия студенттері он нөмір, оның ішінде классикалық балеттен үзінділерді, сондай-ақ екі қазақ биін орындады. Жалпы концерт 4 бөлімнен және 25 нөмірден тұрды.

 

Н. Тілендиевтің музыкасына қойылған «Аққу» биін академияның тыңдаушысы Кейна Накаджима орындаса, «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әуеніндегі «Балбөбек» биін колледж студенттері Алина Зырянова, Камила Шахманова мен Еркін Базарбаев сахналады.

Яндекс.Метрика