Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда Халықаралық хореографтар конкурсы өтті

Қазақ ұлттық хореография академиясында көрнекті қазақстандық балетмейстер Болат Ғазизұлы Аюхановты еске алуға арналған халықаралық жас хореографтар конкурсы өтті.
Халықаралық конкурс Қазақстанның шығармашылық жоғары оқу орындары арасында 028-Хореография білім беру бағдарламалары тобы және Академияның шетелдік әріптес жоғары оқу орындары арасында өтті.
Биылғы жылы конкурс екі форматта өтті: онлайн және аралас (онлайн және офлайн), оның аясында қатысушылар кез-келген би стилі мен жанрында өз таланттарын көрсете алды. Екі формат (онлайн және офлайн) Қытайдың, Израильдің, Әзірбайжанның, Ресейдің, Өзбекстанның және Қазақстанның әртүрлі елдері мен аймақтарынан көптеген қатысушыларды, сарапшылар мен спикерлерді тартуға көмектесті.
Хореографиялық қойылымдарды құрамына «Астана Опера» МОБТ педагог – репетиторы Елена Шерстнева, Иерусалим музыка және би академиясының Movement факультетінің деканы Ronen Izhaki, РФ еңбек сіңірген әртісі Денис Мочалов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гульнара Адамова, «Қазақстан Республикасы Спорттық би федерацияларының Қауымдастығы» ЗТБ президенті Қабдолла Байжанов кірген беделді қазылар алқасы бағалады.
Халықаралық жас хореографтар конкурсы жеңімпаздарының тізімі

ОНЛАЙН ФОРМАТ
Гран-при «Хореография» номинациясы

Wenqi Zeng, Yunlong Xiao, Junzhe Wang,
Jiayu Xue, Liu Liu, Yinuo Huang, Binzhu Liu, Yushan Wen, Zihang Pei. (China, Beijing Dance Academy)
1 орын
Lai Yugian (China, Beijing Dance Academy)
2 орын
Чапаева Мария Петровна және Чапаев Григорий Игоревич (РФ, Мәскеу мемлекеттік хореография академиясы)
3 орын
Раджабов Хасан Батирович (Өзбекстан, Өзбекстан Мемлекеттік Хореография Академиясы)

Номинация «Спорттық бал билері»
1 орын
Дрягина Екатерина Николаевна (Қазақстан, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)
2 орын
Жанболатов Ермұрат Жанболатұлы (Қазақстан, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті)

АРАЛАС ФОРМАТ «Хореография» номинациясы
1 орын
Сулейменова Далила (Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)
2 орын
Санатова Адема (Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті)
3 орын
Болатхан Мухтархан (Қазақ Ұлттық Хореография Академиясы)
3 орын
Жумадилдина Анель
(Қазақ Ұлттық Хореография Академиясы)

Номинация «Спорттық бал билері»
1 орын Аманбаев Мади (Қазақ Ұлттық Хореография Академиясы)
Даниярбеков Нұрәлем (Қазақ Ұлттық Хореография Академиясы)
2 орын
Даниярбеков Нұрәлем (Қазақ Ұлттық Хореография Академиясы)
Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанованың жүлдесіне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Нұрай Әділбекқызы Шәкібек ие болды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Балет» театрының бас балетмейстері, «Үздік хореограф» номинациясы бойынша Ұмай-2022 Ұлттық сыйлығының лауреаты Мукарам Сайдакимовна Абубахриеваның жүлдесін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Юлиана Воробьева алды.
Қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Яндекс.Метрика