Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда «Өнер және мәдениет: қазіргі заманның өзекті мәселелері» атты конференция өтті

11 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясында жыл сайынғы Академия студенттері мен магистранттарының ғылым апталығын ашқан «Өнер және мәдениет: қазіргі заманның өзекті мәселелері» атты ЖОО ішіндегі студенттік ғылыми конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – білім алушылардың шығармашылық зерттеу әлеуетін қолдау және дамыту, оларды белсенді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту.

Баяндамалардың презентациялары кең және өзекті мәселелерге қатысты болды, көптеген практикалық ақпаратты қамтыды. Тыңдаушыларды «Спорттық бал биінің педагогикасы» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Цихлер Данил (ғылыми жетекшісі Моисеев Е.С.) және Житковец Екатерина (ғылыми жетекшісі Моисеев Е.С.) би негізінде инклюзивті білім берудің заманауи тәсілдерін қарастырған жұмыстары қызықтырды.

Әр түрлі арт-іс-шараларды жобалауға ғылыми көзқарасты «Арт-менеджмент» және «Өнертану» білім беру бағдарламаларының бастауыш курс студенттері көрсетті. Ғалия Атабаеваның «Қазақстандағы заманауи театр менеджменті» атты баяндамасында (ғылыми жетекшісі А.Р. Жұматаева) Қазақстандағы заманауи театр менеджментін трансформациялау қажеттілігі ғылыми негізделген. Иманғали Гүлнұр мен Серік Аида «Астана Балет» театрының солисі Фархад Буриевтің шығармашылығы» атты баяндамасында (ғылыми жетекшісі Г.Ю. Саитова) театр солисі шығармашылығының қызықты қырларын тапты.

«Спорттық бал биінің педагогикасы» білім беру бағдарламасының жас зерттеушілер ұжымы өз зерттеулерін қызықты түрде ұсынды. Парчиева Милан, Сайдазова Жамиля, Омаров Ринат, Халел Ернар және Даниярбеков Нұрәлем (ғылыми жетекшілері Кабдусова Д.Е., Балакший Е.М.) «Краковяк» биі үлгісінде поляк этносының дәстүрлі би мәдениетінің ерекшеліктері» атты жұмысына сипаттама беріп, оны балет залындағы суреттер арқылы көрсетті.

Баяндамаларды тыңдау барысында баяндамашыларға сөз сөйлеу тақырыптарын тереңдетуге бағытталған сұрақтар қойылды. Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Яндекс.Метрика