Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда ЖІК кезекті жиналысы өтті

7 ақпанда Хореография академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің кезекті жиналысы өтті. Жиналысты ұйымдастырушы-педагог Айнұр Каженова және ЖІК төрағасы Әли Батхан жүргізді.

Жиналыста наурыз айына жоспарланған бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды. Биыл ЖІК қатарындағы бакалавриат студенттері Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастыруда. Сондай-ақ студенттер жыл сайынғы Uncover байқауын өткізуді талқылады.

Сонымен қатар, жиналыс барысында алдағы 8 наурызға арналған мерекелік концерттің репетициясы өткізілді.

Яндекс.Метрика