Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда жыл сайынғы республикалық олимпиада өтті

Қазақ ұлттық хореография академиясында Дәурен Тастанбекұлы Әбіровтің 100 жылдығына арналған Хореография мамандығының 3-4 курс студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Биылғы жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақ ұлттық хореография академиясы сияқты қазақстандық жоғары оқу орындарының командалары олимпиадаға қатысты.
Олимпиаданың бірінші кезеңі білім алушылар өздерінің оқу орындарында өтті, соңғы екінші кезең Хореография академиясында өтті. Соңғы кезеңнің бірінші турында қатысушылар классикалық биді оқыту теориясы мен әдістемесі, халықтық-сахналық биді оқыту теориясы мен әдістемесі сияқты пәндер бойынша бағаланды, ал екінші турда студенттер Д.Т. Әбіров және оның шығармашылығы туралы білімдерін викторина сұрақтарына жауап бере отырып көрсете алды.

Конкурстық комиссияның төрағасы «Астана Опера» МОБТ педагог-репетиторы Елена Шерстнева болды.
Екі турдың қорытындысы бойынша Қазақ ұлттық хореография академиясының «Academy stars» командасы Олимпиаданың I орнын жеңіп алды.

Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарының тізімі:
III дәрежелі диплом – Түркістан қаласы, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Ясауи» командасы марапатталды
ІІІ дәрежелі диплом – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Дара» командасы, Алматы қаласы
II дәрежелі диплом – Алматы қаласы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Томирис» командасы
II дәрежелі диплом – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «KazNAI ballet», Алматы қаласы
I дәрежелі диплом – Астана қаласы, Қазақ ұлттық хореография академиясының «Academy Stars» командасы

Яндекс.Метрика