Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 391-400 of 4036 results

«Күш біздің өзімізде» тренингі

Маусым 3, 2022
2022 жылдың 13 мен 19 мамыры аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында педагог-психолог М.Б. Ибрагим кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің студенттері үшін студенттердің эмоционалдық тұрақтылығын, өзін-өзі позитивті бағалауды және өмірге деген оң көзқарасын дамытуға бағытталған «Күш біздің өзімізде» тренинг циклін өткізді. Тренинг …

Академия профессоры Әзірбайжанда бірқатар шеберлік сабақтарын өткізеді

Маусым 3, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушысы Алила Алишева Әзірбайжанға Баку хореография академиясында бірқатар шеберлік сабақтарын өткізу үшін келді. А. Алишева Әзірбайжан тарапының шақыруымен 1-10 маусым аралығында Әзірбайжанда болады. А.Алишева колледж студенттері, бакалавриат студенттері және Баку академиясының оқытушылары үшін шеберлік сабақтарын өткізеді, сондай-ақ …

Академия психологы халықаралық сарапшылармен дөңгелек үстел жұмысына қатысты

Маусым 3, 2022

2-3 маусымда «Елбасы академиясы» корпоративтік қорында балалардың дарындылығын диагностикалау саласындағы халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасу және ынтымақтастық мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Қазақ ұлттық хореография академиясының педагог-психологы Баян Байтукова дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс-шараның спикерлері ретінде Алина Хаматдинова, «Елбасы академиясы» …

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Маусым 1, 2022
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні.  2022 жылы елімізде мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы тойланады. Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі, тәуелсіздіктің біріктіруші қасиетті бейнесін білдіреді. Қазақ ұлттық хореография академиясы баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтайды. Еліміз аман, аспанымыз …

Балаларды қорғау күні: Академия білім алушылары мерекелік концерт қойды

Маусым 1, 2022

1 маусым күні Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу театрында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерт өтті.  Концерт бағдарламасына Академия оқытушылары қойған 14 нөмір кірді, оның ішінде қазақ ұлттық билері, Шығыс халықтары билері және спорттық-бал билері бар. Концертті тамашалауға Академия …

Академия тәрбиеленушілері балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық концертіне қатысты

Маусым 1, 2022

1 маусым күні Ұлттық балаларды оңалту орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық концерті өтті. Академия тәрбиеленушілері осы концертке қатысып, жас көрермендерді А. Есмұхановтың «Нәзік» музыкасына қойылған концерттік нөмірмен қуантты. Орталық басшылығы академия ұжымына мерекелік іс-шараға қатысқаны үшін алғыс білдірді. …

Қосымша білім беру секторының есептік концертінде 40-тан астам бала өнер көрсетті

Мамыр 30, 2022

28 мамырда Академияның оқу театрында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша жыл сайынғы есеп беру концерті өтті. Концерт Академияның қосымша білім беру және біліктілікті арттыру секторының ұйымдастыруымен өткізілді. 2021-2022 оқу жылындағы есеп беру концертіне білім алушылардың ата-аналары, сондай-ақ барлық тілек білдірушілер …

Сәт сапар!

Мамыр 30, 2022

30 мамырда Қазақ ұлттық хореография академиясының 9-сынып оқушыларын кәсіптік білім беру мектеп-колледжіне дәстүрлі шығарып салу рәсімі өтті. 9-сыныпты бітіру кеші Академияның тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің, мұғалімдер мен тәрбиешілердің ұйымдастыруымен өтті. Сәт сапар, қымбатты түлектер!

Академияда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерт өтеді

Мамыр 30, 2022

2022 жылдың 1 маусымында Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу театрында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған концерт өтеді. Мерекелік концерттің көрермендері ретінде академия ұжымы мен олардың балалары шақырылады.

Академия студенттерінің дипломдық қойылымдары Астана Балет сахнасында ұсынылды

Мамыр 27, 2022

2022 жылдың 26 мамырында «Астана Балет» театрының сахнасында Хореография режиссурасы білім беру бағдарламасының 5 курс студенттерінің дипломдық спектакльдерін қорғауы өтті. Курс шебері – режиссура кафедрасының аға оқытушысы Жәнібек Қайыр. Осылайша театр сахнасында келесі спектакльдер өтті: – Дэниел Киздің кітабы бойынша …

Яндекс.Метрика