Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 681-690 of 4036 results

Шығармашылық жоғары оқу орындары (хореография) профессор-оқытушылар құрамының ICTM халықаралық ғылыми-практикалық қызметіне қатысуын жандандыру

Наурыз 3, 2021

2021 жылғы 2 наурызда Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы аясында  «Шығармашылық жоғары оқу орындары (хореография) профессор-оқытушылар құрамының  ICTM  халықаралық ғылыми-практикалық қызметіне қатысуын жандандыру» тақырыбында халықаралық онлайн вебинар өткізді. Вебинар лекторы: ICTM-нің Қазақстан Республикасындағы өкілі, …

Хореография білім беру бағдарламалары бойынша Республикалық пәндік олимпиада нәтижелері

Наурыз 1, 2021

2021 жылдың 25-26 ақпан күндері аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған  жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында Хореография білім беру бағдарламалары бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға еліміздің әр өңірінен, атап айтсақ, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Тараз, …

English Club зияткерлік ойын жеңімпаздарын жариялады

Ақпан 26, 2021

Ағылшын тілінде сөйлеу практикасына арналған клуб аясында Қазақ ұлттық хореография академиясында «Quiz Game» зияткерлік ойыны өтті. Оған бакалавриат бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің 3 командасы қатысты. Іс-шара аясында командалар Қазақстан хореографиясының тарихы, көрнекті бишілердің өмірбаяны, заманауи музыка, кино, сондай-ақ белгілі географиялық …

Анна Франктың «Пана: Хат түріндегі күнделік» кітабы аясында өткізілген «Ең үздік эссе» байқауының жеңімпаздарын марапаттау

Ақпан 26, 2021

2021 жылдың 24 ақпанында кітапханада Холокост кезінде қаза тапқан кішкентай еврей қызы Анна Франктің күнделігі бойынша өткізілген  «Ең үздік эссе» байқауының жеңімпаздарына алғыс хаттар салтанатты түрде тапсырылды. Еврей халқының геноцидіне қатысты тақырып Академия оқушыларының жүректеріне терең әсер етті. Олар өздерінің …

Жамбыл феномені: Жамбылтану ғылымы және білім беру

Ақпан 25, 2021

І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университеті  2021 жылдың 15 наурыз  күні халық ақыны, жыраулық өнердің шебері, айтыскер Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбыл феномені: Жамбылтану ғылымы және білім беру» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция өткізеді. Конференция жұмысына ғалымдар, білімгерлер және  …

Жамбылдың туған күніне арналған ашық сабақ

Ақпан 24, 2021

Бүгін Қазақ ұлттық хореография академиясында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған “Жүз жыл жырлаған жүрек” атты ашық сабақ өтті. 6 сынып оқушыларына арналған тақырыптық іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мергүл Қанатқызы Жұмақұлова өткізді. Сабақ барысында оқушылар …

«Наш Александр Селезнёв»: кезекті READх кітапханада

Ақпан 23, 2021

Барлық өнер сүйер қауымды 26 ақпанда сағат 16:00-де Л.А.Жуйкова, А.А.Садыкова, Д.Д.Уразымбетовтың «Наш Александр Селезнёв» атты кiтабын талқылау үшiн READx – online жобасынa катысуға шақырамыз. Спикер – Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның 100 …

«Бал биінің әлемдік аңыздары» тақырыбында дөңгелек үстел

Ақпан 22, 2021

Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография факультеті мұғалімдер мен студенттерді «Бал биінің әлемдік аңыздары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге шақырады. Іс-шара Латын-американдық бағдарлама бойынша 9 дүркін Әлем чемпиондарының атақты жұбы Брайан Ватсон мен Кармен Винчеллидің шығармашылғын зерттеуге арналған. Сіздерді тарих қойнауына үңіліп, спорттық …

Қазақ ұлттық хореография академиясы Ашық есік күніне шақырады

Ақпан 19, 2021

Ағымдағы жылдың 3 наурызында Қазақ ұлттық хореография академиясы виртуалды Ашық есік күнін өткізеді. Онлайн іс-шара аясында қатысушылар бакалавриат, магистратура және докторантураға түсетін талапкерлер үшін қандай білім беру бағдарламалары қолжетімді екендігі туралы пайдалы ақпарат ала алады. Ашық есік күні кезінде барлық …

Академия «Алаш арыстарының асыл мұрасы» дөңгелек үстелін өткізді

Ақпан 17, 2021

Бүгін, 17 ақпан күні «ZOOM»  платформасында   Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында Қазақ ұлттық хореография академиясы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Astana International University, АЛЖИР мемориалды-мұражай кешені  ұйымдастырған «Алаш арыстарының  асыл мұрасы» атты  онлайн   бірлескен дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек …

Яндекс.Метрика