Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия «Алаш арыстарының асыл мұрасы» дөңгелек үстелін өткізді

Бүгін, 17 ақпан күні «ZOOM»  платформасында   Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында Қазақ ұлттық хореография академиясы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Astana International University, АЛЖИР мемориалды-мұражай кешені  ұйымдастырған «Алаш арыстарының  асыл мұрасы» атты  онлайн   бірлескен дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында еліміздің  біртуар тұлғаларын еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету.

Шараның модераторы міндетін Қазақ ұлттық хореография академиясының педагог-зерттеушісі Гульжан Ерекеевна Жанұзақова атқарды.

Дөңгелек үстел жұмысын  алғы сөзбен  Қазақ ұлттық хореография академиясының бірінші проректоры Нусипжанова Бибигуль Нургалиевна ашты. Онлайн шараның ашылуына байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі директорының орынбасары Кадримбетова Назгуль Нуржановна құттықтау сөздерін білдірді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің аға ғылыми қызметкері Хасенов Сырым Серікқазиұлының «Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси қызметі» атты баяндамасы резонансты түрде жоғары деңгейде жасалынды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері Ақжасарова Айнұр Қонысбекқызы   «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қорында сақталған Алаш қайраткерлерінің мұралары» тақырыбы төңірегінде сөз қозғап, тыңдармандар көптеген жаңа  деректермен танысты.

Онлайн-экскурсияның қызықты форматын Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы ұсынды (экскурсия жүргізушісі Кемал Әнел).

АЛЖИР мемориалды-мұражай кешенінің қызметкері Тулепбергенова Гүлнұр Шаймерденқызы «АЛЖИРде азап шеккен аналар»  тақырыбындағы баяндамасы қатысушыларға ерекше әсер тигізді.  Шара барысында студенттер баяндамашыларға өздерін толғандырған сұрақтарын  қойып,  толыққанды жауаптарын алды.

Дөңгелек үстелді PhD докторы, Астана халықаралық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық жоғары мектебінің деканы Айгерім Ерғалиқызы Ибраева қорытынды сөзімен аяқтады.

Бұл хореография академиясының білім және мәдениет мекемелерімен бірлесе өткізіп отырған іс-шараның жаңа форматы.  Виртуалды дөңгелек үстелдің өту барысы мен  қорытындысы көрсеткендей, эксперимент сәтті өтті деуге болады.

Яндекс.Метрика