Қабылдау комиссияларының байланыстары

Кәсіби балетке алғашқы қадам

Бүгін Қазақ ұлттық хореография академиясында маңызды іс-шара өтті – мектеп-колледждің 4-сыныбының 52 оқушысы кәсіби балетке алғашқы қадамын жасады.

Мамандыққа алғашқы қадам – бұл жас балериналар мен бишілер үшін көптен күткен өте маңызды оқиға,  себебі олар сахнаға алғаш рет шығады.  Бүгінгі күн олардың балет өнерінің шыңдарын бағындыру жолындағы бастапқы нүктесі болмақ!

Академия ректоры, сондай-ақ педагогтар тәрбиеленушілерді балеттің сиқырлы әлеміне қадам басу күнімен құттықтады. Алтынай Асылмұратова жылы тілек лебізін білдірді.

«Біздің Академия жас, бірақ біздің өз дәстүріміз бар. Олардың бірі – керемет мереке – сахнаға алғашқы шығу! Сондықтан біз сахнада жарқырап өнер көрсету үшін осындай жолдан өтеміз. Пандемия мен карантин бізге көп нәрсені үйретті, соның ішінде уақытты бағалай білуге үйретті. Балет залында болған кездегі қымбат уақытты бағалаңдар! Бір күнді, бір сағатты, бір минутты босқа өткізбеңдер, білім алыңдар, сіңіріңдер.

Біраз уақыттан кейін бізді өз жетістіктеріңмен қуантасыңдар деп үміттенеміз. Қиындықтардан қорықпаңдар, мақсатқа жетіңдер! Біз әрқашан сендермен біргеміз, сендерді ұстаздарың әрдайым қолдайды. Біз сендерді өте жақсы көреміз және сендерге үміт артамыз, үлкен табыс тілейміз. Адамдарға қуаныш сыйлаңдар, жақсы және адал адам болыңдар – бұл өте маңызды. Таза жүрекпен еңбек етіңдер және жандарың таза болсын. Сендерге сәттілік тілеймін!”- деді ректор Алтынай Асылмұратова.

Өз кезегінде, жаңа ғана кәсіби жолға қадам басқан жас тәрбиеленушілер өз мамандығын сүюге және өз Отанының өркендеуі мен өнерінің игілігі үшін аянбай еңбек етуге ант берді.

 

Яндекс.Метрика