Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясы Ашық есік күніне шақырады

Ағымдағы жылдың 3 наурызында Қазақ ұлттық хореография академиясы виртуалды Ашық есік күнін өткізеді. Онлайн іс-шара аясында қатысушылар бакалавриат, магистратура және докторантураға түсетін талапкерлер үшін қандай білім беру бағдарламалары қолжетімді екендігі туралы пайдалы ақпарат ала алады.

Ашық есік күні кезінде барлық ниет білдірушілер Академияда қандай факультеттер мен кафедралар бар, студенттер қандай бағыттар бойынша оқиды, Хореография академиясына түсу үшін не қажет, құжаттарды қалай тапсыру керек жөнінде мәліметтер алады. Сонымен қатар, оқу орны бойынша онлайн экскурсияда Академия студенттерінің қайда оқитыны, тұратыны, жастардың сабақтан бос уақытында немен айналысатыны, қай жерде спортпен шұғылданып, демалатыны көрсетіледі.

Қазақ ұлттық хореография академиясында оқу туралы Хореография және Өнер факультеттерінің декандары, сондай-ақ Академияның студенттері мен түлектері егжей-тегжейлі айтып береді.

Айта кетсек, Қазақ ұлттық хореография академиясы – бұл тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядағы көп сатылы кәсіби хореографиялық білім берудің толық циклі бар алғашқы жоғары оқу орны. Басқаша айтқанда, біздің Академия қабырғасында мектептеп бастап өнер докторларының деңгейіне дейінгі жоғары білікті мамандар тәрбиеленеді.
Қазіргі кезде Қазақ ұлттық хореография академиясы би және балет өнеріндегі еліміздің жаңа ұлттық бренді болып табылады, біздің біліміміз халықаралық стандарттарға сәйкес келеді деп нық сеніммен айта аламыз. Академияда Қазақстанның түкпір-түкпірінен студенттер, сондай-ақ АҚШ, Жапония, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Эстония Республикасынан келген шетелдік студенттер оқиды.

Егер Сіз “Хореография өнері” бейіні бойынша мектептің немесе өнер колледжінің түлегі болсаңыз, егер жалпы білім беретін мектепті бітірген болсаңыз және спорттық бал билерімен айналыссаңыз немесе өнер тарихына құмар болсаңыз, арт-жобалармен айналысып, еліміздің үздік жоғары оқу орындарының бірінде жоғары білім алғыңыз келсе, онда Қазақ ұлттық хореография академиясына қош келдіңіз!

Іс-шара сағат 15:00-де басталады. Көрсетілім balletacademykz YouTube арнасында өтеді.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 790-567 / 790-856 / 790-868

Яндекс.Метрика