2021 жылғы 11-14 қаңтар аралығында «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ базасында республикалық семинар өтті. Семинар барысында Қазақ биі анықтамалығының жобасы ұсынылып, талқыланды. Пікірталасқа 85-тен аса адам қатысты – жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік мекемелердің оқытушылары, хореографтар, қосымша білім беру …
2021 жылғы 14-15 қаңтар аралығында Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен «Білім беру бағдарламаларын іске асыруда қолданылатын цифрлық технологиялар» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Әдістемелік семинар қонақтары: – Феруза Әбубәкірқызы Сатыбалдиева, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Компьютерлік технологиялар» …
2021 жылғы 14 қаңтарда Қазақ ұлттық хореография академиясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының танымдық-тағылымдық құндылығын насихаттау мақсатында Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Айнұр Ілиясқызы Қасабекованың «Тәуелсіздік тағылымдары» тақырыбындағы ашық сабағы өтеді. …
2021 жылдың 11-16 қаңтарында Қазақ ұлттық хореография академиясы қазақ биінің анықтамалығын талқылау бойынша Республикалық онлайн- семинар өткізеді. Семинар жұмысына қазақ биін зерттеп, зерделеп жүрген республикалық жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, ізденушілер, жоғары, орта кәсіптік, орта мектеп мұғалімдері мен магистранттар шақырылады. …
Жаңа жылдағы жақсы жаңалық, басты жаңалық – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы. Бағдарламалық маңызы бар бұл мақала газеттің ғана емес, еліміздің бас мақаласы деуге болады. Тәуелсіздіктің 30 жылын салмақтап, сараптаған мақалада …
Желтоқсан айының 30 күні сағат 10:00-де Қазақ ұлттық хореография академиясы Жаңа жыл қарсаңында онлайн мерекелік іс-шара өткізеді. Концерт Академияның @balletacademy YouTube-каналында көрсетіледі. Санаулы уақыттан кейін еліміз жаңа 2021-жылға қадам басқалы отыр. “Ескі ай есірке, жаңа ай жарылқа” деп дұға тілейтін дана халқымыздың ырымына …
Желтоқсан айында «Астана Балет» театры «Сұлтан Бейбарыс» премьералық қойылымын ұсынды. Бүкіл оқиға желісіне арқау болған қойылымның хореографиялық жаңалығы, заманауи технологиялар мен ұлттық нақыштары әртістердің шеберлігін жоғары бағалаған елордалық талғампаз көрермендердің көңілінен шықты. «Сұлтан Бейбарыс» балеті мәмлүктердің ең әйгілі көсемі, …
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай: – Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен ғылымдағы, мәдениеттегі жеткен табыстары үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің оқытушысы Раушан Калыбековна Тулегенова; – мәдениет саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі және көпжылдық еңбегі, мәдениет саласын …
2020 жылғы 22 желтоқсанда сағат 11:00-де Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 75-жылдығына арналған «Қазақстанның тарих ғылымы: өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция өткізеді. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология …