Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ! ӘРІПТЕСТЕРДІ МАРАПАТТАУ!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай:

– Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен ғылымдағы, мәдениеттегі жеткен табыстары үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің оқытушысы Раушан Калыбековна Тулегенова;

– мәдениет саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі және көпжылдық еңбегі, мәдениет саласын жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің оқытушысы Гульмира Набиуллаевна Сайфуллина;

– еліміздің мәдениет және өнер саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен тәрбие жұмысы жөніндегі директор Алила Турсумбаевна Алишева;

–  ұзақ жылғы абыройлы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен медициналық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Татьяна Михайловна Латышева марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласы  «Есіл» ауданы әкімінің Алғыс хатымен интернат меңгерушісі Раушан Мурзашевна Рашитова және кітапхананың кітапханашысы Саягул Гарипуллаевна Акапова марапатталды.

Яндекс.Метрика