Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақстанның тарих ғылымы: өткені, бүгіні және келешегі

2020 жылғы 22 желтоқсанда сағат 11:00-де Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 75-жылдығына арналған «Қазақстанның тарих ғылымы: өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция өткізеді.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты – Қазақстан Республикасының тарих ғылымының жетекші ғылыми-зерттеу орталығы. Қазақстанда академиялық желіні құрудың бастауы КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық базасы құрылған 1932 жылдан басталатыны белгілі. Оның құрамында 1933 жылы тарих, археология, әдебиет және фольклор, тіл құрылысы, бейнелеу және музыкалық-хореографиялық өнерді зерттеумен айналысатын Қазақ ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институты құрылды. Осы институттың тарихи-археологиялық секторы 1936 жылы қазақстандық базаның Тарихи секторын, содан кейін КСРО ҒА-ның Қазақ филиалын (1938 жылдан бастап) құруға негіз болды, 1941 жылы КСРО ҒА-ның құрамында Тіл, әдебиет және тарих институты ұйымдастырылды, оның бастауында Н.Т. Сауранбаев (институттың бірінші директоры), А.Х. Марғұлан, С. Аманжолов және басқалары сияқты қазақ ғалымдары тұрды.

Ш.Ш. Уәлиханов атын Тарих және этнология институты КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы штаттық комиссияның 1944 жылғы 6 желтоқсандағы № 689 шешімі, КСРО ҒА Қазфилиалы Президиумының 1945 жылғы 14 тамыздағы № 20 “Тіл, әдебиет және тарих институтының құрамынан дербес институттарды: Тарих, археология және этнография институтын және Тіл және әдебиет институтын бөліп шығару туралы” Қаулысы негізінде құрылды. 1961 жылдың қаңтар айында институтқа белгілі тарихшы-ғалым, этнограф Ш.Ш. Уәлихановтың есімі берілді. ҚазКСР ҒА Президиумының 1991 жылғы 12 қыркүйектегі № 73 қаулысымен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты болып атауы өзгертілді.

Инф.письмо 75 летия ИИЭ

Яндекс.Метрика