Қабылдау комиссияларының байланыстары

Шоқан Уәлихановтың таңдамалы шығармалары

Кембридж университетінің баспасы Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігімен бірлесіп және Қостанай облысының әкімдігі мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының қолдауымен ХІХ ғасырдың ең көрнекті қазақ ғалымдарының бірі Шоқан Уәлихановтың таңдаулы шығармаларының алғашқы ағылшынтілді жинағын ұсынуға қуанышты.

29 жасында үзілген қысқа өмірінде Ш.Уәлиханов шығыстану ғылымына қомақты үлес қосып, отандастарына әрі шетелдіктерге қазақ мәдени мұрасы туралы зерттеулерін ұсынды.

Шоқтығы биік еңбектеріне қарамастан, Ш.Уәлиханов ағылшынтілді әлемде кеңінен танымал емес. Іс-шара аясында Ш.Уәлихановтың ағылшын тіліне аударылған шығармаларының алғашқы жинағы ұсынылады. Бұдан бұрын 1865 жылы ұлы ғалымның тек төрт шығармалары ағылшын тілінде жарық көрген.

Кітапта Ш.Уәлихановтың Орталық Азия географиясы, тарихы, этнологиясы және экономикасының аспектілерін зерттеуге арналған ең маңызды ғылыми еңбектері, сондай-ақ ғалымның өңір қоғамына деген өзіндік көзқарасы ұсынылған. Аталған шығармалар Орталық Азия тарихын зерттеуіндегі маңызды олқылықты толтырып, осындай ерекше қайраткерге қызығушылық тудырады деп үміттенеміз.

Анонс

Яндекс.Метрика