Қабылдау комиссияларының байланыстары

Үздік дәріс

2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ ұлттық хореография академиясында “Үздік дәріс” (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) байқауы аяқталды.

Байқаудың мақсаты – оқу процесіне үш тілде оқытудың инновациялық технологияларын енгізу арқылы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған көптілді білім беруді іске асыруға профессорлық-оқытушылық құрамды ынталандыру.
Байқауға 8 дәріс ұсынылды: қазақ тілінде 3 дәріс, орыс тілінде 3 дәріс және ағылшын тілінде 2 дәріс.

Қазақстанның үздік ғалымдарынан құрылған сыртқы сараптау комиссиясы жеңімпаздарды анықтады:
– “Мемлекеттік тілдегі үздік дәріс” номинациясында – Ізім Тойған Оспанқызы, өнертану кандидаты, “Режиссура” кафедрасының профессоры;
– “Орыс тіліндегі үздік дәріс” номинациясында – Саитова Гульнара Юсуповна, өнертану кандидаты, өнертану және арт-менеджмент кафедрасының профессоры;
– “Ағылшын тіліндегі үздік дәріс» номинациясында – “Педагогика” кафедрасының оқытушысы Муталиева Мадина Сүйінбайқызы марапатталды.

Байқаудың барлық қатысушыларына алғыс айтамыз! Ғылыми және шығармашылық қызметте одан әрі табыстар тілейміз!

Яндекс.Метрика