Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ даласының ұлы өнер тарланы Б.Ғ. Аюхановтың 85 жылдығына арналған дөңгелек үстел

Болат Ғазизұлы Аюханов көзі тірісінде қазақстандық балеттің «тірі аңызы» атанды. Және бұл кездейсоқ емес.

Қазақстан Республикасының Халық әртісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан меценаттарының тәуелсіз клубының лауреаты («Платина Тарлан»), мәдениет және өнер саласындағы халықаралық Сократ сыйлығының иегері, өнертану профессоры, «Халықаралық ақпараттандыру академиясының» академигі Болат Ғазизұлы Аюханов –хореография өнерінің қалыптасу тарихында Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар әлемдік ауқымда да көрнекті тұлға.

1967 жылы жас педагог және Қазақ мемлекеттік хореографиялық училищесінің көркемдік жетекшісі мектеп түлектерінің басын қосып, “Алматы Жас балетін” (Қазіргі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры) құрды. Ал жас балетпен бірге өнер әлеміне ондаған жылдардан кейін Ұстаздың педагогикалық, балетмейстерлік және жай ғана адамдық постулаттарын жалғастырған әртістер, педагогтар, менеджерлердің жаңа буыны келді.

Академияның оқу театрында өткен көрнекті шебер Болат Аюхановты еске алу кешін Болат Ғазизұлының студенттері, шәкірттері мен мұрагерлері өткізді. Олар өз сөздерінде осы ерекше адаммен, тамаша мұғаліммен және тәлімгермен жұмыс істеудің әртүрлі кезеңдерімен байланысты естеліктерімен бөлісті.

Яндекс.Метрика