Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясында теолог-мамандармен кездесу өтті

2023 жылғы 24 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясында Астана қаласының Діндерді зерттеу орталығының теолог-мамандарымен кездесу өтті. Мамандар студенттерге дін тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты-жастарға діни тенденциялар туралы дұрыс түсінік беру және терроризм мен экстремизмнің қатыгездігін түсіндіру.

Студенттермен әңгіме Қазақстандағы ислам дәстүрінің тарихынан басталды, онда біздің қоғамның дәстүрлі исламының барлық критерийлері нақты белгіленді.

Сонымен қатар, дәріскер студенттердің исламмен жамылған еліміздегі тыйым салынған экстремистік ұйымдарға кіруіне жол бермеуге баса назар аударды. Маман ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.Әңгіме барысында теологиялық мазмұнның өзекті мәселелері талқыланды. Теолог жастарды кез-келген ақпарат алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға шақырды.

Яндекс.Метрика