Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының 5 оқытушысы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «500 ғалым» бағдарламасы әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында отандық ғалымдардың кәсіби құзыреттерін дамыту мақсатында бекітілген болатын.

Осы ретте, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2023 жылғы 20 желтоқсандағы шешіміне сәйкес Қазақ ұлттық хореография академиясының 5 оқытушысы іріктеуден сәтті өтіп, «500 ғалым» бағдарламасының стипендиясы иегері атанды.

Атап айтатын болсақ, Италияның Флоренция бейнелеу өнері академиясында Досжан Райхан Казбековна, Сақтағанов Балабек Кеніштайұлы, Жуматаева Айгуль Рахманиевна «Креативті арт-индустрия» оқу бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Түркияның Акдениз университетіне Бабажанова Жанат Абдуманапповна «Арт-менеджмент» бағыты бойынша ғылыми тағылымдаманы жүзеге асырады.

Америка Құрама Штаттары George Washington University университетінде Кулмаганбетова Альмира Саркытбековна «Әлеуметтік сала менеджменті» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтетін болады.

Ғалымдарымыз әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында білімдерін жетілдіреді және шетелдік ғалымдармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді.

Яндекс.Метрика