Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ композиторы Серік Еркімбековтің шығармашылық кеші

Серік Еркімбековке арналған шығармашылық кешті Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпіжанова құттықтау сөзімен ашып, композитордың таланты мен Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнерінде ерекше орын алатын шығармашылық мұрасын атап өтті.

Серік Еркімбеков – қазақ және кеңес композиторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Оның шығармашылық тұлға болып қалыптасуына әкесі белгілі музыкант, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры Жексембек Еркімбеков ықпал етті. Бала кезінен өнерге деген сүйіспеншілікті оятып, соның нәтижесінде Қазақстандағы музыка мен балет өнерінің дамуына орасан зор үлес қосты.

Бұл күні Академия сахнасында көптеген шығармашылық нөмірлер ұсынылып, опералық партиялар, әндер, хореографиялық миниатюралар орындалды. Айта кету керек, мұнда орындалған әрбір әуенді композитор Серік Еркімбеков жазған.

Шығармашылық кештің соңында, барлық қатысушылар, Серік Жексембекұлының Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесін өскелең ұрпаққа еске түсіретін топтық суретке түсу үшін сахнаға шақырылды.

Яндекс.Метрика