Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Танцы со звездами»

«Танцы со звездами» шығармашылық жобасы Қазақ ұлттық хореография академиясының қабырғасында өтті. Үздік атақ үшін 6 жұлдызды жұп бақ сынады.

Қатысушылар қазылар алқасына классикалық вальстен бастап, жалынды латын америкалық билеріне дейін әртүрлі би стильдерін ұсынды.

Орындаушы жұптардың кәсіби деңгейін тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму бөлімінің директоры, педагогика кафедрасының профессоры А.Алишева, доцент, PhD Р.Сақтағанов Б.Қ. және «Спорттық бал биінің педагогикасы» БП түлегі Р. Карев бағалады. Би 5 критерий бойынша бағаланды: техника, музыкалық, әртістік, образ және ерекшелік.

«Танцы со звездами» жобасының нәтижелері:

  • 1 орын, Компанец Давид және Русланова Арай, «Огненный вихрь» Пасодобль;
  • 2 орын, Исаев Диас пен Қабылданова Айжан, «When you smile?» Квикстеп;
  • 3 орын, Сысоенков Илья және Аширбекова Дилярум, ««Марджанджа» Самба;
  • 4 орын, Кеңес Аида және Денис Кобликов, «Девушка из сна» Баяу фокстрот;
  • 5 орын, Акуленко Ангелина Аманжол Нұркелді, «Любовь вдохновение и музыка» Баяу вальс;
  • 6 орын, Сегізбаева Анеля мен Айманбетов, «Золушка» Вена вальсі.

Ұйымдастырушы Евгений Моисеевтің айтуынша, мұндай би жобалары оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу және харизманы дамыту үшін қажет, сонымен қатар олар ұжымда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Айта кетерлігі, қатысушылардың барлығы Қазақ ұлттық хореография академиясының «Спорттық бал биінің педагогикасы» хореография бөлімінің және «Өнер» кафедрасының студенттері.

Яндекс.Метрика