Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті Іңкәр Айдарханқызы Стокгольмде өткен AURORA халықаралық фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті Іңкәр Айдарханқызы Швецияда өткен AURORA II Халықаралық орындаушылық өнер және көркем шығармашылық байқау-фестивалінің халық биі номинациясында гран-при иегері атанды

AURORA II Халықаралық орындаушылық өнер мен көркем шығармашылық байқау-фестивалі әлемнің түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам өнер иелерінің басын қосты. Байқауда Швеция, Ресей, Франция, Исландия, Финляндия, Норвегия, Голландия, Ирландия, Литва, Қытай, Әзірбайжан, Қазақстан және басқа елден келген қатысушылар өнер көрсетті. Іс-шара екі күн бойы онлайн режимде өтті.

Байқау барысында Іңкәр Айдарханқызы Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушылары, хореографтар Анвара Садықова мен Алмат Шәмшиев қойған «Жетісуым» және «Қазақ қызы» атты екі нөмірді орындады.

Іңкәр Айдарханқызы – Қазақ ұлттық хореография академиясының «Хореографиялық өнер педагогикасы» мамандығының 2 курс студенті. Қазір ол Италиядағы Рим қаласының Ұлттық би академиясында Erasmus+ студенттік алмасу бағдарламасы бойынша білім алуда.

Ingkar Aidarkhankyzy
Пост-релиз AURORA2022

Яндекс.Метрика