Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті “TOGYZQUMALAQ CUP”қалалық турнирінің жүлдегері атанды

2 наурызда AMANAT партиясының елордалық филиалында тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті. Арт-менеджмент мамандығының 2 курс студенті Аманжол Нұркелді үшінші орынды жеңіп алды. Үздік атағы үшін 28 қатысушы бақ сынасты. Ұлттық спорт түрінен өткен турнирді AMANAT партиясы «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің басты мақсаты жастар мен партия мүшелерін спорттық өмірге тарту, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерін насихаттау болып табылады. 

Тоғызқұмалақ-4 мың жылдық тарихы бар қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Қазақтар ойлап тапқан зияткерлік спорт түрі адамзат тарихында ерекше орын алады. Қазіргі уақытта тоғызқұмалақ бүкіл әлемде танымал спорт түріне айналды және 2019 жылы ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізілді

Яндекс.Метрика