Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері World Folk Vision-2020 фестивалінде екінші орынды иеленді

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері «World Folk Vision-2020» жаһандық ұлттық мәдениеттер фестивалінде 2-орынды иеленді. Халықтың дауыс беру нәтижелері және финалистер арасынан жеңімпаздарды іріктеу бойынша Халықаралық кәсіби қазылар алқасының шешімі бойынша Қазақстан өкілдері жеңіске жетті. Академия тәрбиеленушілері байқауда «Әлем халықтарының билері» бағытында «Аққулар» композициясын ұсынды.

Фестивальға әлемнің 115 елінен барлығы 3950 шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар қатысты. Халықаралық конкурстық іріктеу барысында ақтық мәреге 60 елден 100 қатысушысы шықты. Бұл марапат «World Folk Vision-2020» Бүкіл әлемдік мәдени бастамасына қатысушыларға әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін мәдени іс-шаралардың тұрақты қонақтары болу құқығын береді.   

World Folk Vision-2020 – мәдениет, өнер және спорт сүйер қауым мен кәсіпқойларды біріктіретін  ауқымды халықаралық гуманитарлық жоба. Биылғы жылы фестиваль БҰҰ Жаһандық келісімінің 20 жылдығына орай және Жаһандық Мәдени Бастаманы іске асыру аясында өткізіліп отыр.  Фестиваль әлемдегі ірі оқиғалардың бірі, биыл СОVID -19 коронавирус пандемиясына байланысты алғаш рет онлайн форматта өтті.

Дипломаттарды, лауреаттар мен жеңімпаздарды құрметті марапаттарымен құттықтаймыз! Жарқын жетістіктер, денсаулық, сарқылмас шабыт және барлық шығармашылық жоспарларының іске аса беруіне тілектеспіз!     

Яндекс.Метрика