Қабылдау комиссияларының байланыстары

Біз – тату отбасымыз!

2021 жылы 19 қаңтарда Қазақ ұлттық хореография академиясының интернатта тұратын тәрбиеленушілері үшін «Біз  – тату отбасымыз!» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізілді. Тренингті тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің психологы өткізді. Тренинг достық қатынасты, өзара сыйластықты қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Тренинг барысында балаларға бейнефильм ұсынылды. Фильм кейіпкерлері тек бірліктің, ынтымақтастықтың және өзара қолдаудың арқасында өмірлерін сақтап қала алды.

Оқушыларға «үйлесімді өмір сүру үшін не істеу керек?» деген сұраққа жауап түрінде ұсыныстар берілді. Тренингке қатысушылар өз достарын қалай қолдайтыны туралы әңгімеледі.

Яндекс.Метрика