Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақстан студенттер Альянсы Академияда санитарлық ережелердің сақталуын тексерді

«Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық қоғамдық ұйымы Қазақ ұлттық хореография академиясында оқу процесін ұйымдастыру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын тексерді.  

Естеріңізге сала кетейік, ұзақ үзілістен кейін Академия оффлайн форматта сабақтарды қайта бастады. Студенттер альянсының өкілдерімен бірге комиссияға қазақстандық жоғары оқу орындарының Жастар істері жөніндегі комитеттерінің, студенттер парламенттерінің төрағалары, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі жанындағы студенттер мәселелері жөніндегі кеңестің мүшелері кірді. Комиссия жұмысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізілді.

Мониторингтік топ оқу дәрісханаларында, балет сыныптарында, оқу залдарында, тұрғын үй корпусында, асханада және басқа да орынжайларда келесі пункттер бойынша тексеру жүргізді: санитайзерлердің, дене температурасын бақылауға арналған аспаптардың, қашықтық белгілерінің, дезинфекциялық кілемшелердің болуы, маскалық режим мен дезинфекция жүргізу кестесінің сақталуы және т. б.

Тексеру қорытындысы бойынша Академия қауіпсіздік шараларын мұқият сақтағаны үшін жоғары бағаға ие болды.

Яндекс.Метрика