Қабылдау комиссияларының байланыстары

Спорт шебері атағының берілуімен құттықтау

Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография факультетінде “Спорттық бал биі педагогикасы” мамандығы бойынша білім алатын бірінші курс студенті Регина Лисовская спорттық би бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын алды.

          Регина Лисовская – әртүрлі чемпионаттар мен конкурстардың жеңімпазы және бірнеше дүркін жеңімпазы. Оның қол жеткізген жетістіктер қоржынында келесі атақтар бар:

  • қоссайыстан ересектер санатында Қазақстан Республикасының чемпионы (2020 ж.);
  • ересектер санатында ҚР чемпионатының қола жүлдегері, 2020 жылғы стандарт;
  • ҚР чемпионаттарының алты дүркін финалисі;
  • Латвия, Ресей, Қазақстан және т. б. халықаралық турнирлердің жүлдегері және финалисі;
  • қоссайыстан Қазақстан Кубогының иегері (2012 ж.)

Айта кетейік, өткен жылы Академия тәрбиеленушілері Регина Лисовская мен Нұрсәулет Әмре Польшада өткен халықаралық көпжанрлы байқауға қатысты. Жұп Қазақ ұлттық хореография академиясы педагогика кафедрасының аға оқытушысы Евгений Сергеевич Моисеевтің “Тоу story” қойылымымен өнер көрсетіп, осы байқаудың Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Регина Лисовскаяны жетістігімен құттықтаймыз және спорттық мансапта үлкен шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!

Яндекс.Метрика