Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 371-380 of 1010 results

Академияда «Өнер және мәдениет: қазіргі заманның өзекті мәселелері» атты конференция өтті

Сәуір 11, 2022

11 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясында жыл сайынғы Академия студенттері мен магистранттарының ғылым апталығын ашқан «Өнер және мәдениет: қазіргі заманның өзекті мәселелері» атты ЖОО ішіндегі студенттік ғылыми конференция өтті. Конференцияның мақсаты – білім алушылардың шығармашылық зерттеу әлеуетін қолдау және дамыту, …

ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ: ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Сәуір 8, 2022

Жоғарғы оқу орны ішіндегі студенттік ғылыми конференцияны өткізу туралы пре-релиз Құрметті студенттер, магистранттар! 11 сәуірде студенттер мен магистранттардың ғылым апталығын өткізу аясында Қазақ ұлттық хореография академиясында «Өнер және мәдениет: қазіргі заманның өзекті мәселелері» атты жоғарғы оқу орны ішіндегі студенттік ғылыми …

Хореография академиясында Ашық есік күні өтті

Сәуір 8, 2022
Қазақ ұлттық хореография академиясында жалпы орта білім беретін мектептердің 11-сынып түлектері мен колледж түлектері, сондай-ақ мәдениет, өнер, театр, кино және теледидар саласы қызметкерлеріне арнлаған Ашық есік күні өтті. Іс-шара Zoom платформасында онлайн режимде өткізілді. Қонақтарға бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының …

Story time жобасы: «Теремок» ертегісін оқимыз

Сәуір 7, 2022

Академия кітапханасында 1 сынып оқушылары арасында «Теремок» ертегісі оқылды. Іс-шараның мақсаты  – балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын, оқушылардың көру, есту, тактилді зейіндерін және есте сақтау қабілеті мен қиялын дамыту. Кітапхана қызметкері Айгүл Сапарғалиева ертегіні оқымас бұрын балаларға кітапқа ұқыпты қарау …

27 және 28 сәуірде «Астана Опера» сахнасында «Раушан гүлі мен көбелектің романы» өтеді

Сәуір 7, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясы 27 және 28 сәуірде «Астана Опера» театрының сахнасында Рикардо Дригоның музыкасына Мариус Петипаның «Раушан гүлі мен көбелектің романы» балетін ұсынады. Ұлы Петиптің бұл туындысы хореографтың өмірінде соңғы және өкінішке орай жүзеге асырылмаған қойылым болды. Көптеген жылдар …

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан сыйға түскен кітаптар

Сәуір 6, 2022

Академия кітапханасының қоры жаңа басылымдармен толықты: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимылдар кезеңі» 3 томдық еңбегі,  «Қазақ әлемі» (I том), «Мир казахов» (II том) кітаптарын Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық  кітапханасынан сыйға алды. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты …

Хореография академиясы ашық есік күнін жариялайды

Сәуір 5, 2022
Қазақ ұлттық хореография академиясы мектептің 11-сынып түлектері мен колледж түлектері, сондай-ақ мәдениет, өнер, театр, кино және теледидар саласы қызметкерлері үшін Ашық есік күнін өткізеді. Іс-шара Zoom платформасында онлайн режимде өтеді. Қонақтарға бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының презентациясы ұсынылып, Академияға түсу …

Академияда қазақ жыраулары туралы дәріс оқылды

Сәуір 4, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясында «Қазақтың жыраулық дәстүрінің батырлық өнерімен сабақтастығы»  атты дәріс өтті. Іс-шараны академияның Өнер факультеті студенттер мен оқытушылар құрамы үшін ұйымдастырды.  Дәрісті Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Музыкатану және композиция кафедрасының өнертану кандидаты, профессор Әлия Сабырова оқыды. Қазақ …

Академия оқытушысы Жапонияда шеберлік сабақтарын өткізуде

Наурыз 31, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушысы Гүлнәр Әлиева Sophia Ballet Academy балет мектебі шақыруымен Токиода классикалық биден шеберлік сабақтарын жүргізіп жатыр. Оқытушының  шеберлік сыныптары сериясы аталмыш балет мектебінің кіші, орта және жоғары сынып оқушылары арасында бір апта бойы өтетін болады. Сонымен …

Академия оқушылары мен студенттері катхак үнді классикалық биі бойынша шеберлік сыныбына қатысты

Наурыз 28, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясында катхак үнді классикалық биі бойынша шеберлік сыныбы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда атындағы мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Шеберлік сыныбын Академия студенттері үшін Шарвари Аджит Бхиде ханымның жетекішілігімен «Шамбхави» катхак халықаралық мектебінің әртістері жүргізді. …

Яндекс.Метрика