Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 401-410 of 1010 results

1 наурыз – Алғыс айту күні

Наурыз 1, 2022

Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 5-9 сынып оқушыларынан Алғыс айту күніне арналған бейнеқұттықтау.

Ағылшын клубы аясында студенттермен кездесу

Ақпан 25, 2022

Студенттермен кездесу 2022 жылдың 25 ақпанында English Club шеңберінде Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттерімен “Шетелде оқу мүмкіндіктері: академиялық ұтқырлық, халықаралық бағдарламалар мен гранттар” тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге бакалавриаттың 1-3 курстарынан 25 студент қатысты. Студенттер шетелдік серіктес ЖОО-да оқудың мүмкіндіктері мен …

«ЗАМАНАУИ ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» семинар-тренингі

Ақпан 25, 2022

Заманауи тәрбие технологияларының әдістерімен таныстыру және тәжірибемен алмасу мақсатында 2022 жылғы 24 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында “Заманауи тәрбие технологиялары” атты қалалық семинар-тренинг өткізілді. Семинарды ұйымдастырушылар:  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  «Білім беруді жаңғырту орталығы» және М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының …

Орынбордан келген отандасымызға қазақ биінен шеберліқ сабағы өткізілді

Ақпан 21, 2022

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласына Отандастар қорының қолдауымен Ресей Федерациясының Орынбор облысынан жұмыс сапарымен келген этникалық қазақ бауырымыз Сармутдинова Галия  Қазақ ұлттық хореография академиясының қазақ биі мұғалімдері Садыкова Анвара, Шамшиев Алматтың «Орта және жоғары сыныптардың қазақ биі сабақтарын қарау …

Кезекті READх кітапханада

Ақпан 18, 2022

Барлық кітап сүйер қауымды 25 ақпан күні сағат 16:30-да У.К.Иманбаеваның аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығын бейнелейтін «Ах, Самара-городок…!» – песня длиною в жизнь» кітабын талқылауға арналған READx онлайн жобасына қатысуға шақырамыз. Спикер – «Хореография» факультетінің 2 …

«Қазақстандағы оқиғалар: сабақтар мен қорытындылар» бірлескен сұхбат алаңы

Ақпан 18, 2022

2022 жылдың 18 ақпанында Қазақ ұлттық хореография академиясында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясымен бірлескен «Қазақстандағы оқиғалар: сабақтар мен қорытындылар» тақырыбында сұхбат өтті. Іс-шараның мақсаты: азаматтық-патриоттық тәрбие беру, жастар арасында саяси және құқықтық сауаттылықты арттыру. Спикер ретінде: саясаттанушы, Т.Қ. …

«Құмарлыққа «жоқ» – деп айт» семинар-тренингі

Ақпан 17, 2022

2022 жылдың 9-14 ақпаны аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында педагог-психолог М.Б. Ибрагим кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің студенттеріне өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған «Құмарлыққа «жоқ» – деп айт» семинар-тренинг циклі өткізілді. Семинар-тренингтің мақсаты – өз денсаулығына жауапты мінез-құлық дағдыларын дамыту, …

Академияда жұлдызды қонақ

Ақпан 7, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясында IdanceCo.Eu көркемдік жетекшісі, Куба ұлттық балетінің премьеры, балетмейстер, хореограф Лиенц Чанг қонақта болды. Сапар барысында Лиенц Чанг мырза академияның инфрақұрылымымен, материалдық-техникалық базасымен және студенттердің тұрмыс жағдайымен үлкен қызығушылықпен танысты.

Қазақ ұлттық хореография академиясы IAAR халықаралық аккредиттеуінен өтті

Ақпан 4, 2022

Құрметті әріптестер! Қазақ ұлттық хореография академиясы білім беру бағдарламаларын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің (EX-ANTE) халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес халықаралық аккредиттеуден сәтті өткенін хабарлаймыз! 6В02111 Балетмейстер өнері (5В040600 Режиссура) 6В02104 Спорттық бал биінің педагогикасы (5В040900 Хореография) 6B02101 Педагогика хореографического искусства 7М02108 …

Яндекс.Метрика