Қабылдау комиссияларының байланыстары

Денис фон Мекк академия кітапханасына кітаптарды сыйға тартты

22 қарашада академия кітапханасына баспагер, ағартушы, меценат, фон Мекк атындағы қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Денис фон Мекк келді.

Денис Андреевич кітапханаға құнды басылымдарды – Е. Ерофеева-Литвинская жазған «Непридуманная фабула», Е. Берлянд-Черная авторлығындағы «Конволютъ фонъ Меккъ №1: Пушкин и Чайковский», И. Бэлза қаламынан шыққан «Пушкинские традиции русской музыки», Г. Сизконың «Петр Ильич Чайковский» кітаптарын, сондай-ақ Альманахъ. № 1(1)/2019 сыйға тартты:

Атақты адамдардың өмірі мен шығармашылығының беймәлім тұстарын осы кітаптардың беттерінен  оқи аласыздар.

Денис Андреевичке кітапханаға сыйға тартылған кітаптар үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!

Денис Андреевич фон Мекк  –  фон Мекк отбасыларының ұрпағы, Чайковский, Давыдовтар, фон Мекк қорының негізін қалаушы, П.И. Чайковскийдің жанкүйерлер бірлестіктерінің негізін қалаушы, П.И. Чайковский атындағы оқу орындарының қауымдастығын құрудың бастамашысы.

 

Яндекс.Метрика