Қабылдау комиссияларының байланыстары

Көрнекті балет әртісі Константин Сергеевтің 110-жылдығы

Қазақ ұлттық хореография академиясының Хореография  факультеті Сіздерді көрнекті биші, балетмейстер, педагог, С. Киров атындағы Ленинград мемлекеттік опера және балет театрының (қазіргі атауы Мария театры) жетекші солисі, КСРО халық әртісі, төрт Сталин сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек ері  – Константин Михайлович Сергеевтің 110 жылдығына арналған (1910-1992) онлайн-дәріске шақырады. 

 Дәрісті Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография  факультетінің аға оқытушысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, Қазақстан кинематографистері одағының «Құлагер» ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпазы  – Анвара Садыкова жүргізеді.

А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесімен бірлескен жобамыздың қонағы ретінде Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкері, «Құрмет» орденінің кавалері, «Парасат» орденінің кавалері, А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің көркемдік жетекшісі Людмила Ли қатысады.

Дәріс 9 қазанда сағат 12:30-да ZOOM платформасында өтеді.

Конференцияның идентификаторы: 477 872 2892

Яндекс.Метрика