Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Менің дене шынықтырумен айналысуым» видеоконкурсы

Ағымдағы жылдың 14-18 қазаны аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында 4-6 сынып оқшылары арасында «Менің дене шынықтырумен айналысуым» атты видеоконкурс өтеді. 

Конкурсқа қатысу үшін білім алушылар видеоролик түсіріп, қандай дене жаттығуларын өз бетінше жасай алатынын көрсетуі қажет. Қатысушылар өзі туралы, өзінің спорт түрі, клубы, секциясы, сабақтан тыс айналысатын спорт сабақтары, дұрыс тамақтануы туралы айтып беруі, аула ойындарын, спорттық және бос уақытты өткізу іс-шараларын көрсетуі керек.

Іс-шара балалардың өз денсаулығына дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыруға, салауатты өмір салты мен спортпен шұғылдануын насихаттауға бағытталған.

Конкурсқа қатысатын видеоматериалда автордың тегі, аты, әкесінің аты (толық), жасы және оқитын сыныбы көрсетілген мәтін болуы тиіс. Роликтер МР4 форматында қабылданады, хронометраж – 3 минуттан аспайды. Конкурстық жұмыстың сюжетінде идеологиялық тұжырымдама болуға тиіс және музыкалық сүйемелдеу мен титрлар қосуға болады.

Конкурсқа қатысу үшін жұмыстар 2020 жылғы 19 қазанға дейін ahmet.era@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.

Конкурстың қорытындылары Академияның www.balletacademy.kz. ресми веб-сайтында жарияланады.  

Жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі. 

Яндекс.Метрика