Қабылдау комиссияларының байланыстары

Мәдениет пен өнерге құрмет

21 мамырда еліміздегі мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі атап өтілді. Атаулы күн 2013 жылдан бастап тойланып келеді. Осындай елеулі мейрамды Қазақ ұлттық хореография академиясы салтанатпен атап өтті. Соның ішінде мәдениет саласына өлшеусіз үлес қосып жүрген қызметкерлерді құттықтап, Астанаға іскер әйелдер форумына жиналған еліміздің ең белсенді нәзік жандылары академияға арнайы бас сұғып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысқан болатын. 

Балет өнерінің қайталанбас ерекшелігіне таңырқай қараған қонақтарға академия тәрбиленушілері ең үздік туындыларын ұсынып, биден шашу шашты. Қонақтардың ықылас-ниеттеріне алғыс білдіріп,  ректор Бибігүл Нұрғалиқызы жиналған көпшілік алдында, ұжымды мəдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың атынан «Құрмет грамотасымен»:

Кокшинова Светлана Юрьевнаны – Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысын, Алиева Гульнар Жумабаевнаны – Концерттік қызмет және сахналық практика бөлімінің басшысын, Тулегенова Раушан Калыбековнаны – Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің арнайы пәндер оқытушысын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Алғыс хатымен»: Макарцева Людмила Викторовнаны – Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің арнайы пәндер оқытушысын, Жанузакова Гульжан Ерекеевнаны – Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің жалпы білім беретін пәндер оқытушысын  марапаттады.

Әйелдер форумына еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған іскер нәзік жандылар атынан өнер көрсеткен академия тәрбиленушілеріне ықылас – себеті табысталып, кеш естелік фотоға түсу рәсімімен тәмәмдалды.  

Өз кезегімізде осы білім ордасында мәдениет пен өнер саласында аянбай қызмет етіп жүрген барша әріптестерімізді құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз.

Яндекс.Метрика