Қабылдау комиссияларының байланыстары

Онлайн тренинг: «Табысты адамдардың әдеттері»

2021 жылғы 12 ақпан күні Академияның мектеп-колледжі жоғары сынып оқушылары үшін «Табысты адамдардың әдеттері» тақырыбында онлайн-тренинг өткізілді.

Іс-шараны тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің педагог-психологы Баян Байтукова ұйымдастырды. Тренингтің басты мақсаты – оқушыларға жетістікке жетудің басымдықтары болып табылатын қасиеттерді қалыптастыру туралы әңгімелеу болды.

Тренинг барысында қатысушыларға күнделікті әдеттер адамның өміріне қалай әсер ететіні туралы ақпарат ұсынылды, жоғары мақсаттар мен ұлы болашаққа ұмтылған әр адам қандай әдеттерді дамытуы керек деген сұрақтар талқыланды.

Қоғамдық және кәсіби танымалдыққа қол жеткізген адамдардың өмірбаянымен таныса отырып, білім алушылар іс жүзінде әрбір адам жоғары мотивацияға, өзін-өзі тәрбиелеуге, ерік-жігерге ие бола отырып, табысты адамның әдеттері мен сипатын қалыптастыра алатынына көз жеткізді.

Тренинг соңында оқушыларға тақырыптық бейнеролик көрсетілді.

Яндекс.Метрика