Қабылдау комиссияларының байланыстары

Сұлтанбек Ғұмар ART-EXPO халықаралық көрмесінде көпшілікті таң қалдырды

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті, «Астана Опера» театрының балет әртісі Сұлтанбек Ғұмар ТМД-ның құрылғанына 30 жыл толуына орай Беларусь елінде өткен ART-EXPO халықаралық шығармашылық көрмесінде көпшілікті таң қалдырды.

Фестивальде Сұлтанбек Ғұмар Академия репертуарына кіретін «Тамыр» хореографиялық нөмірімен (А. Садықованың қойылымы, К. Шілдебаевтың музыкасы) өнер көрсетті.

Академияның 2 курс студенті Фестивальге қазақ биінің педагогы Анвара Садықованың жетекшілігімен дайындалды. «Тамыр» қойылымы біздің қайдан келгеніміз туралы … өз тамырларымызбен қаншалықты тығыз байланысты екендігіміз туралы. Кейіпкер бүкіл би арқылы қайда жүрсе де, не болса да, оны әрқашан Отанына апарады деген идеяны жеткізеді. Биде бұл қол мен аяқтың қимылымен және музыканың ырғағымен көрінеді, мұндағы көңілді ноталар – балалық шақ, туған ауыл туралы естеліктер, адам жаны  тыныштық пен рахат күйде болған кез, содан кейін қайтадан өз жерін аңсау шағына оралуы. Бұл әлем туралы, әлемді құру туралы, адамның дүниеге келуі мен өмірі, оның тамырсыз бола алмайтыны туралы…”, – деді оның авторы Анвара Садықова.

Беларусь елінде өткен фестивальге қатысушылар бидің тереңдігі мен сұлулығын жоғары бағалады. «Көрермендер қазақ биінің барлық сұлулығын көрсететін ұлттық нақыштағы қойылымды тамашалады және өнер көрсету аяқталғаннан кейін зал үнсіздікте тұрып қалды. Музыка әуені баяулап тоқтаған кезде ғана көрермендер ду қол шапалақтап, қошемет көрсетті. Бұл керемет сезім болды», – деп естеліктерімен бөлісті Сұлтанбек Ғұмар.

Айта кетейік, ART-EXPO көрмесі Борисов қаласында екінші рет өткізіліп отыр, бұған дейін Фестиваль Арменияда өткен болатын. Іс-шараның мақсаты – шығармашылық идеялармен, мәдениет пен өнер саласындағы үздік жұмыстармен таныстыру, алмасу, ілгерілету, танымал ету үшін, сондай-ақ одан әрі даму мақсатында серіктестер іздеу үшін алаң құру, – деп атап өтті форум ұйымдастырушылары. Биылғы жылы көрме жастар фестивалі форматында өтті. Оған ТМД елдерінің, соның ішінде Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан және таға басқа елдердің мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты, олар өз елін таныстырып, көрермендер назарына қазіргі заманғы өнердің түрлі жанрларындағы туындыларды ұсынды. 

Яндекс.Метрика