Қабылдау комиссияларының байланыстары

Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 165-жыл толуына орай 1-курс студенттері ұйымдастырған тарихи-әдеби шығармашылық кеші өтті

Көрнекті қазақ ойшыл-философы, ақыны Шәкәрім Құдайбердиев өз халқының тарихында, қазақ әдебиетінде, философиясында өшпес жарық із бен көптеген туындылар қалдырды.

«Жақсы адамның өмірінің негізі адал еңбек, ар-ождан, шынайы жүрек болуы керек», – осы жолдардан іс-шара жүргізушілері Манап Адель мен Төлепберген Бона өз сөздерін бастады. Студенттер; Қабылданова Айжан, Орманова Каролина, Бекетаева Аяулым, Мейірбек Алтынай, Есмағамбет Берік, Рамазанова Сабина, Батраханова Фариза өз презентациялары мен баяндамаларында осы ғажайып адамның шығармашылығы мен қиын өмірі туралы әңгімеледі.

Білім алушылар: Оспанова Гүлназ, Әмірбек Рүстем, Батталова Айдана, Рамазанова Сабина, Қалиева Аяулым, Жанартауов Санжар және Мейірбек Алтынай Шәкәрімнің ұстазы болған Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» атты әнін орындап, көрермендердің ерекше назарына бөленді.

Аширбекова Дилярум қойылымында және Орманова Камила, Батталова Каролина, Тарыбо Дарья, Пивоварова Екатерина орындаған әсем биі мерекенің сәніне айналды.

Шәкәрімнің өлеңдері – гуманизмнің негізі. Шәкәрім қалдырған мұра – жастарға арналған бағыт. Шәкәрім Құдайбердіұлы біз үшін «Ақылды адам тілді ұстай алады, бірақ оның ойларын ешнәрсе тежей алмайды», «Адамзат үшін еңбек ет», «Адам өледі, жақсылық қалады» – сияқты мыңдаған өсиеттер қалдырды. Шәкәрімнің мұрасы осы күнге дейін бізді дұрыс жолға бағыттай отырып, халық үшін қазына болады.

Яндекс.Метрика